#Repost @shalkarbilim(@repost_via_instant)2018 жылдың 18 мамыры күні аудандық Сары Батақұлы атындағы мәдениет үйінде Шалқар ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет!“ атты мүмкіндігі шектеулі балалардың концерттік бағдарламасы өтті. Концертте республикалық облыстық байқаулардан жүлделі орындар алып жүрген балалар өнер көрсетті. Балалардың өз қолдарынан шыққан қолөнер туындыларының көрмесі қойылды. Мерекелік кешке аудан әкімі Б. Қаниев, аудан әкімінің орынбасарлары, білім басшылары, білім беру ұйымдарының басшылары, ата- аналар мен оқушылар қатысты. Шараны “Қазақстан- Ақтөбе“ телеарнасы бейнебаянға түсірді. #Шалқар_ауданының_білім_бөлімі #1мектеп_гимназиясы #МЕКТЕБІМІЗДІҢ_ОҚУШЫЛАРЫ
Hide player controls
Hide resume playing