Жаһандану – қиын дәуір. Тарихи жады жұтаған ұлттар шабақ секілді жайындардың көмейіне жұтылып кетуде. Революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, сепаратистік перде жамылды. Дін құбылысы жаһандық деңгейде саясиланып тұр. Жаңа мыңжылдықтың басында Батыс БАҚ арқылы “радикалды ислам”, “саяси ислам” деген терминдерді пайдалана бастады. Және экстремизм, терроризм қылмыстарын дінге теліп қойды. Соңғы жылдары Таяу Шығыста бой тасалап жүрген өзбектілді радикалды уағызшылар белсенді түрде жақтас жинап жатыр. Ескертетін жайт, олар Өзбекстан республикасында дүниеге келген. Бірақ, қазір халықаралық іздеуде.
Hide player controls
Hide resume playing