Ғашықтар бір-бірін өпкен жер. Сарылып сал-сері кеткен жер. Бас иіп, иіскеп топырағын, Тағзым жасамай өтпеңдер! Мына елке, Мына аймақ, Бұл маңда Құлшылық етемін тұрғанға, Құлшылық етемін құмдарға, Тағзым жасаймын қырларға! Шүкірлік етемін қашанда, Осы бір Отанда тұрғанға! Жазы бар жалынмен жандырған, Қысы бар аязға қардырған. Көктемі - балауса, балдырған, Ал күзі - алып бір ақ қырман, Ақ дәннен ақ нөсер жаудырған Күрең нан жаңа алған тандырдан. Көлденең көлбеген көкжиек Қыранның қанатын талдырған, Қырына еріксіз қондырған. Сөзі - Мұқағали Мақатаев Оқыған - Абзал Арықбаев Әні - “Тұран“ этнографиялық тобы Бейнеқойлым - “Алашұлы“ тобы
Hide player controls
Hide resume playing