Myvideo

Guest

Login

Бойлары 2 метрден асан ос батыр арасай мен Аынтайды ерліктері

Uploaded By: Myvideo
1 view
0
0 votes
0

Қазақстанға қош келдіңіз! №4 Кең-байтақ қазақ даласы. Бір кездері дәл осы аумақта жаужүрек ұлдар өмір сүріп, ел мен жер үшін күресті. Бүгінде сол батырлардың ұрпақтары мен тарихқа тереңірек үңілгісі келетін кез келген адам баһадүрлердің жүріп өткен жолымен таныса алады. Ол үшін Қазақстанға, нақтырақ айтсақ, Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенiне келу қажет. Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы батырлар жайлы не білеміз? Қай жерлерді аралап, тарих беттерін парақтауға болады? Біз Welcome to Kazakhstan жобасының кезекті санында Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенiне ат басын бұрып, осы сұрақтарға жауап береміз. Қарасай батыр – Шапырашты, ал Ағынтай батыр Арғын руынан шыққан. Ержүрек ерлердің даңқы Еділден Жетісуға дейін жеткен. Мысалы, дүйім жұрт Ағынтайды «Ағынтай жұдырық» деп атаған. Қос баһадүр жоңғарларға қарсы өткен ұрыстарға талай мәрте қатысты. Олардың ішіндегі ең атақтысы – 1643-ші жылғы «Орбұлақ шайқасы». Толығырақ: https://

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later