Myvideo

Guest

Login

Полицейлер жаза саадай сай

Uploaded By: Myvideo
1 view
0
0 votes
0

Полицейлердің жазға деген дайындықтары бағамдалды. Саптық жиынға учаскелік инспекторлар, ювеналдық полиция мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қатысты. Шара барысында командирлер мен басшылық жеке құрамның киімдерін тексерді. Құқық қорғау органдары мамандарының сырт келбеті мен жабдықталуы және саптық дайындығы да назарға алынды. Анықталғандай, өңір полицейлері жаз мезгілінде еңбек етуге сақадай сай. Айта кетейік, қазіргі таңда облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Оның негізінде полицейлер бір күн ішінде 400-ден астам үйді, саяжайлар мен қараусыз қалған ғимараттарды аралап шықты. Түрлі есепте тұрған 674 адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Жалпы, акцияның қорытындысы бойынша бір тәулікте 496 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзудың 40 фактісі тіркелді.

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later