Қызылорда қаласында жаппай тәртіпсіздікке күдікті ретінде қамалғандардың жақындары бүгін тергеу изоляторының алдына жиналып, наразылық білдірді. Айтуларынша, бүлікке қатыспаған адамдар да қамауға алынған. Сондықтан, олар шұғыл түрде жақындарын босатуды талап етеді. Ал полиция департаментіндегілер күдікке ілінген әрбір азаматты қамауға тұрарлық қолымызда нақты дәлел бар дейді. Жанна Беденбаева қорғаушы болып жұмыс істеген күйеуі Әділхан Беденбаевтың Қызылордадағы митингке де, жаппай тәртіпсіздікке де мүлде қатыспаған айтады. Ол уақытта жолдасым жұмысқа барып келіп, үйде болды дейді. Алайда 11-қаңтар күні тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікпен қамап тастапты. Күйеуінің оған дейін желі арқылы әлеуметтік мәселелерді көтеріп, халықтың мұң-мұқтажын жариялап жүргенін айтады. Оны белсенді болғаны үшін қамауы мүмкін деп күмәнданады Жанна. ЖАННА БЕДЕНБАЕВА, күдіктінің жұбайы: – Машинадан сызба шықты дейді. Говд-ның сызбасы. Мен көрген жоқпын. 3 сутка бойы ұрған. Оған қарамай санкция салып, судьялар қамап отыр. Тағы
Hide player controls
Hide resume playing