Елімізде Төтенше жағдайлар кезінде іске асқан қатаң карантин режимі қайтадан енгізілуі мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңесте екі күннің ішінде Мемлекеттік комиссияға тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырды. Онда ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар қамтылуы тиіс. Бұдан бөлек, Президент әкімдер мен министрлер қарапайым халықпен байланыс орнатуды қойды, арыз-шағымдарға дер кезінде жауап бермейді деп мәлімдеді. Оның пайымынша, бастапқы кезде жұмыстар жақсы ұйымдастырылды. Бірақ, мемлекеттік органдар соңғы кезде бұл істі босаңсытып жіберді.Үш ай бұрын құрылған Республикалық коммуникациялық орталық қазіргі уақытта іс жүзінде жұмыс жасамайды. Осыған сәйкес, бірыңғай нақты ақпараттар дерегі жоқ. Індетке қарсы күресте шенеуніктер теріс ақпарат беріп, халықты одан сайын шатастырды.
Hide player controls
Hide resume playing