Замануи кино мен мультфильмдерді қазақша сөйлету ерекше өнердің бір түрі. Кейіпкердің қимыл-әрекетінен қалмай, тілдік үйлесімді тауып, дауыс ырғағын келтіру жоғары кәсіби аударма мен дыбыстауды қажет етеді. ⠀ Бүгінгі «Армандастар» жобасының кейіпкері қазақ дубляжының режиссері Мұрат Ордабаев. ⠀ Көрерменге әлемнiң үздiк киностудияларының төл туындыларын ұсынып жүрген ол – Галактика сақшылары мен Ральфты мемлекеттік тілде сөйлеткен. ⠀ Басты сыншылары бүлдіршіндер болғандықтан, өз жұмыстарын алдымен ағасының балаларына көрсетеді екен. Олардың қатаң сынынан сүрінбей өткеннен кейін ғана жұмысын тапсырады. «Біз ешкімге ешнәрсені оқытпаймыз. Ешкімге ештеңе үйретпейміз. Тек дарынды адамдардың ойлап тапқан көркем әдеби туындысын қазақ тілінде жеткізу біздің мақсатымыз», - дейді Мұрат. ⠀ Осылай айтуының өзі оның жұмысына деген асқан жауаптылығын байқатады. Өйткені жұрт асыға күтетін әлемдік кинотуындыларды мемлекеттік тілде сөйлету балалардың санасын қазақша қалыптастыруға септігін тигізеді. Бұл қазақ көрерменін қалып
Hide player controls
Hide resume playing