«Тіл, әдебиет және өркениет мәселелері». 4 сәуір 2016 жыл Шәкәрім атындағы мемлекеттік университте осы тақырыпта ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Шара ардагер ұстаз, профессор Қинаят Шаяхметұлының 75 жылдық мерейтойына орайластырылды. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы ұйымдастырған жиынға оқу орынның профессорлық-оқытушылық құрамы, мұғалімдер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Қинаят Шаяхметұлы Бесқарағай ауданының Жиек ауылында дүниеге келген. Семей мемлекеттік педагогика институтын үздік белгідегі айрықша дипломмен бітіріп, аспирантураға жіберіледі. 1978-2008 жылдар аралығында 30 жыл бойы кафедра меңгерушісі болған.120-дан астам теориялық ғылыми зерттеу және 200-ден астам тәжірибелік-көпшілік сипаттағы жұмыстың авторы. Қинаят Шаяхметұлы «Қазақ тілі» қоғамының басы-қасында жүргенде ұлт тілінің жанашыры ретінде қыруар іс тындырды. Бұл бүгінгі жастарға үлкен өнеге, - дейді әріптестері. Ұлағатты ұстаздың шәкірттері республикамыздан бөлек, Ресей, Өзбекстан, Түркіменстанда әр салада жемісті еңбек етуде. Ғалымның
Hide player controls
Hide resume playing