Бүгін мемлекет басшысы жүргізуші куәлігін тасымалдауға қатысты заңға қол қойды. Яғни, жүргізушілерге алдағы уақытта жүргізуші куәлігі мен техникалық төлқұжатын алып жүрмеуге болады. Полиция қызметкерлері тоқтатқан жағдайда тек жеке куәлігін ғана көрсетсе жеткілікті. Ал, тәртіп сақшылары планшеттің көмегімен қалған құжаттарды өзі тексереді. Еске сала кетейік, 21 қаңтарда Сенат депутаттары жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлікті бірге алып жүрмеуге болатын норманы қолданыстағы заңнамадан алып тастауды мақұлдаған болатын. Алайда, бұл заң қазақстандық жүргізушілерге ғана қатысты. Ал, шетелдіктер бұрынғыдай өзімен бірге жүргізуші куәлігі мен техникалық паспортты алып жүруге міндетті. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Hide player controls
Hide resume playing