Myvideo

Guest

Login

Саяхат немесе Друл-Куфр птуасы

Uploaded By: Myvideo
1 view
0
0 votes
0

Ислам үмметін артта қалдыруға себеп болған келесі мәселе - бұл Дәрул-Куфр болып табылады. Дәрул-Ислам мен Дәрул-Куфр анықтамасын түсініп алайық. Ислам заңдары үстемдік құрған, мұсылман елдерінің жерлерін Дәрул-Ислам яғни Ислам аймағы деп атайды. Сәйкесінше мұсылман емес елдердің жерлерін Дәрул-Куфр яғни Күпірлік аймағы деп атайды. Аталмыш терминдер алғаш рет 9-10 ғасырларда пайда болған. Содан соң бұған қатысты мыңдаған пәтуалар шығып, том-том кітаптар жазылған. Мысалы мәлики мәзхабының шейхі Абдуллах ибн әл-Әһдәл Хусейннің «әс-Сәйфул Баттар» кітабында: «Ширк адамдары билік ететін елге барған адамның үкімі – ауыр күнәға бой алдырған бұзақы болмақ. Егер ол күпірлікке разылық білдірмеген жағдайда ғана. Олай болмаған жағдайда, ол адам кәпір болады», - деп жазылған. «Әл-Муқаддимәт уәл Мумаххидәт» кітабында (3-ші том, 374-ші бет): «Мұсылмандарға сауда жасау немесе басқа да себептермен ширк аймағына баруға тыйым салынады. Тек тұтқынға түскен мұсылмандарды сатып алу жағдайынан басқа. Сәйкесінше кімде-кім күпірлік жеріне мәжбүрліксіз өз еркімен барса, ол адам айыпталуы тиіс және имамдық қызметінен шеттетілуі қажет», - деп жазылған. 711-795 жылдар аралығында өмір сүрген әйгілі имам Мәлик пен оның шәкірттері де осыған ұқсас көзқараста болған. Ал басқа діни кітаптарда Дәрул-Куфр аймағында сауда жасаушы адам, өз еліне қарсы тыңшы болуы ықтималдылығы айтылады. Себебі кәпірлер олардан мұсылман елдеріндегі рухани, саяси, әлеуметтік, экономикалық мәселелер турасында сұрастырып білуі туралы қауіптенеді. Осылайша Дәрул-Куфр елдеріне саяхаттау былай тұрсын, тіпті сауда жасауға да рұқсат болмаған. Бұған бағынбаған адамды бұзақы немесе пасық деп жазалаған. Көріп отырғандарыңыздай, бұл пәтуалар мұсылмандардың аяқ-қолына тұсау салып, өзге елдерге ғылым-білім игеру мақсатында баруға мүмкіндік бермеген. Осылайша жабық саясатты ұстанып, ғасырлар бойы Еуропадан оқшауланып өмір сүруге алып келген. Осының салдарынан ғылыми зерттеу жұмыстары бәсеңдеді. Әлемдік ғылыми зерттеулерге жол жабылып, интелектуалды изоляция басталды. Нәтижесінде 16-17 ғасырда басталған Еуропаның ғылыми-технологиялық прогресі әскери-экономикалық артықшылыққа айналғанға дейін мұсылмандар ұйқылы-ояу күйде өмір сүрді. Тіпті байқамай да қалды. Ақыры еуропаның отарында қалды. #ОянМұсылман #ИсламиРенессанс #ҒылымнанАрттаҚалу #ЖәдидшілдікИслам

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later