Бір әннің тарихы. Бір жылдары «Қазақстан» ұлттық телеарнасында, «Қазақтың жүз әні» атты телехабарда, халық әні «Япурайға» қатысты түрлі пікірлер айтылды. Хабар барысында, әлдекім бұл әнді Затаевич Бөкей ордасында естіп, нотаға түсірген десе, әнші, Құдайберген Бекішев өткен ғасырдың 80 жылдары Алматыға келген моңғол оркестрі, бұл әннің әуенін моңғолдікі деп орындағанын және соған күні бүгінге дейін таңқалатынын жеткізді. 🍂Белгілі музыка зерттеушілер, мұнда ежелгі түркі-моңғолдық сарын бар деген пікір қалдырды. «Япурайды» біз халық әні деп келсек, кейінгі жылдары, оны жұртшылық Мағжан Жұмабаевқа теліді. Ал, Мағжанды көзі көргендердің жазуынша, ұлы ақынымыз қолына домбыра ұстамаған, ән салмаған екен... ▶️Осы кезекте, Dalatunes тұңғыш ұлттық музыкалық порталы «Бір әннің тарихы» айдары арқылы , «Япурай» әні жайлы деректерді жинап, өңдеп, бейнеблогқа айналдырды. 🔂Сіздерге «Япурай» әнінің шығу тарихына қатысты зерттеу, мақала, үздік орындаушылардан жиналған күйтабақ және ноталарды ұсынамыз: ~O
Hide player controls
Hide resume playing