Myvideo

Guest

Login

Oralman_(2017)

Uploaded By: Myvideo
260 views
0
0 votes
0

«Оралман» көркем фильмі Бішкекте өткен «Ақ Ілбіріс» ұлттық киножүлдесінің қос марапатын алды. Фильм «Орталық Азияның үздік фильмі» жүлдесімен, басты рөлді сомдаған Дулыға Ақмолда «Орталық Азияның үздік актері» жүлдесін алды. Фильм туған жерінен кетуге мәжбүр болған, алайда ондаған жылдар өткен соң Ауғанстаннан еліне қайта оралған қандастарымыз жайлы баяндайды. Режиссері – Сәбит Құрманбеков. 35-Халықаралық Фаджр кинофестивалі (Тегеран) мен XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің Бас жүлдесін жеңіп алды. Дулыға Ақмолда қыркүйек айында Татарстанда өткен XIII Халықаралық мұсылмандар киносы фестивалінде «Үздік ер адам рөлі» жүлдесімен марапатталды. ХХ Халықаралық «Religion Today» кинофестивалінде (Италия) «Үздік фильм» номинациясында жеңіске жетіп, тәуелсіз SIGNIS қазылар алқасының арнайы жүлдесін иемденді. Германияда өткен 66- халықаралық Мангейм-Хайдельберг кинофестивалінде арнайы жүлдемен марапатталды. 22- халықаралық кинофестивальде (Непал) «Шетелдің үздік фильмі» жүлдесін иемденді.

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later