Алматыда, қоғам “қызтекелер“ деп атайтын топ қылық шығарды. “Студия -69“ клубы - өздері жиналатын жердің мекен-жайын көрсету үшін, күй атасы Құрманғазы мен орыстың ұлы ақыны Пушкинді “сүйістіріп“ қойған жабайы жарнамаға тапсырыс беріпті. Мұндай масқараға шыдай алмаған, өнер қайраткерлері, “әруақты қорлап, сүйегімізге таңба салды“ деп, бүгін бейбіт шеруге шықты. Олар, ұлыларды қорлауға қолы барған жынойнақтың жабылуын талап етуде.
Hide player controls
Hide resume playing