Шара қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылды. Жиынға дәстүрлі дін өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ғалымдар шақырылған. Жылда өткізілетін кездесуге 1-2-курс студенттері қатысты. Бұл жастардың теріс діни ағымдар жетегінде кетпесі үшін жасалып отырған алдын- алу шараларының бірі. Айта кету керек, шақырылған қонақтар қаламыздағы дін істері жөніндегі ақпараттық-насихат тобының құрамына енеді. Экстремистік бағыттағы діндердің қоғамға қаншалықты қауіпті екенін көрсететін бейнеролик кездесуге қатысушылар назарына ұсынылды. Сондай-ақ, студенттер аталмыш мәселеге қатысты сұрақтарына жауап алды. Кездесу соңында топ кураторларына дін мәселесіне арнайы шығарылған әдістемелік құралдар таратылды. Рысгүл МАДВАСОВА
Hide player controls
Hide resume playing