Ғашық боп қалдым ба ?! Көрсем деп жұлдызды аспанды, Отырам түнімен ұйықтамай. Осылай бір сұмдық басталды, Ғашық боп қалдым ба бұл қалай. Түсініксіз санамда ойларым, Неге сен кенеттен жолықтың. Оралып еріксіз ойға мың, Неліктен сағынттың көріктім. Арусың қылықты,сүйкімді, Талай түн ұрлаған ұйқымды. Сен едің ертегі əлемі, Жан емдер нұр жүзің сыйқырлы. Нəзік қой əр айтқан сөздерің, Көп болсын бақытты кездерің. Жымиған жарасар күлімдеп, Əдемі-ақ мөп-мөлдір көздерің. Жағымды жаныма дауысың, Айтылған сөздерім бəрі шын. Махаббат дертімен ауырсам, Жанымды емдейтін дəрісің. Шабыттан айырма өтінем, Өлеңді жазуға бекінем. Мен де бір риза боп қалар ем, Бір-ақ рет сүйгізсең бетіңен. (с)Алмас Бағдатов #поэзия #махаббат
Hide player controls
Hide resume playing