“Белсенділер - экстремист емес“. Алматыда жүз шақты адам шеру өткізді 13 маусымда кешке Алматыда Панфилов көшесінің бойында жүз шақты адам шеру өткізді. Жиналғандар музыкалық аспаптарда ойнап, кейбірі биледі. “Субботаж“ атты серуенге ұқсас шара шамамен үш сағатқа созылып, сағат ондарда аяқталды. Шеру кезінде оған қатысушылар “Белсенділер - экстремист емес“ және “Алға, Қазақстан“ деп айқайлады. Оқиға орнында болған Азаттық тілшісінің айтуынша, шеруді полицейлер де бақылаған. Ешкім ұсталған жоқ. “Бізге митинг өткізуге рұқсат бермейді, сол себепті осылайша жиналып, билеп, уақытымызды көңілді өткізгіміз келеді“ деді шеруге қатысқан белсенді Асхат Жексебаев.
Hide player controls
Hide resume playing