Оқушылардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында бүгінде мектептердің оқу бағдарламасына дінтану пәні енгізілген. Аталған пән дәстүрлі және түрлі діни ағымдар туралы кеңінен ақпарат беріп, жеткіншектердің белсенді азаматтық көзқарастарын қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, діни ілімдер тарихымен таныстырады. Көп ұлтты еліміздің басты бағыты – халқытың ынтымағы мен бірлігі. Бұл ретте конфессияаралық келісімнің алар орны ерекше. 1992-жылы 18-қазанда қазақ жерінде алғаш рет әлемдік және дәстүрлі дін жетекшілерінің бірінші съезі өтті. Осыған орай, жыл сайын «Рухани келісім күнін» атап өту жақсы дәстүрге айналды. Семейде де түрлі дін өкілдері бас қосатын арнайы шаралар ұйымдастырылады. Дарын САҒИТОВ
Hide player controls
Hide resume playing