Хромтаудың тумасы Жарасбай Данияр - Теплоэнергетика факультетінің студенті, 18 жаста. Ойлауы ерекше болып көрінген Данияр, өзгелер сиақты спорт, би немесе сурет салуды ұнатамын демей: “Айналамдағыларды, дос болғанды, серуендегенді жақсы көремін”,-дейді. Ал оның басты қасиеті – қамқор бола білу, кешірім сұрай алу. (Шынында да, адам бойындағы маңызды мінез-қылықтар). Ал өміріңізде не өзгерткіңіз келеді деген сұраққа: “21 жасқа дейін ержетіп, саналы, өз аяғымда нық тұратын азамат болуды мақсат етемін”,-деген екен. Леонардо Ди Каприоны пір тұтқан Даниярға, шын ниетіммен тек АЭжБУ Сұлтаны ғана болып қоймай, өмірде де ақ жол тілемін.
Hide player controls
Hide resume playing