Адам баласының өзінің күнделікті өмірінде қаласын-қаламасын бәрібір, әрдайым байланыста болып тұратын топтың бірі - көршілері. Кісінің өмірі көп жағдайларда көршілермен болатын мәмілеге, қарым-қатынастарға байланысты болады. Ата-бабаларымыз «Дін және дәстүр» сабақтастығымен тіршілік жасап, имандылыққа бастап, халықтық тәрбиеге аса жоғары мән беріп, діни қағидаттарды халыққа түсіндіру бойынша өзіндік дәстүр қалыптастырып, нақыл сөздермен мақал- мәтелдерді пайдалану арқылы үгіттеп отырған. Бабаларымыздың осы қасиеттері біздерге ана сүтімен дарып, бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Осындай игі шара Ескелді ауданындағы Жетісу ауылында да іске асуда. Назарларыңызға “Дипломмен ауылға“ бағдарламасымен ауылға келген жас мамандарды ауыл азаматтары, көрші-көлемі қалай қарсы алғандығы жайлы бейнебаянды ұсынамыз.
Hide player controls
Hide resume playing