Студенттік өмір. Ең қызықты сәттерге толы ұмытылмас шақ. Алайда, алғашқы жылы жаңа ортаға үйрене алмай, ауылды сағынғаныңыз анық. Сабақтан қалмай, барлық шараға белсене араласқаныңыз да белгілі. Десе де, жоғары курсқа келгенде сабаққа кешігуді, ұйықтап қалуды шығардыңыз. Қызыққа толы төрт көктемде ең жақын достарды жолықтырдыңыз, сүйіктіңізді кезіктірдіңіз. Балуыз балапан болып келіп, оқу орыныңыздан тәжірбиелі жас маман боп шықтыңыз. Иә, бұл – студенттік көктемнің ең жарқын сәттері... Бүгінде біздің қоғамымызда студенттердің өз орынын тауып, дұрыс бағытқа бұру үшін көп деген ауқымды шаралар ұйымдастырылып жүр. Солардың бірі, жыл сайын жаңаша леппен өтетін – Студенттік көктем. Maqala by @zhasatyrau
Hide player controls
Hide resume playing