Бүгін Ұлттық Қауіпсіздік комитеті, бұрынғы Төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің жалғасып, осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің басталғанын жариялады. Ал, соңғы күндері нағыз соғыс алаңына айналған Алматыда төтенше жағдайдың «қызыл» деңгейі әлі де сақтаулы. Яғни жаппай тәртіпсіздік кезінде террористік және өзге де қылмыстық әрекетке қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша шаралар іске асырылуда. Алматы трегедиясының салдары тым ауыр. Бүгін қалада тағы бір боздақ - қала әкімдігіне шабуыл кезінде курсанттар мен өзге де әріптестерін құтқаруға көмектесіп, өзі оққа ұшқан Қарулы Күштердің офицері Сәндібек Хаиров жерленді.
Hide player controls
Hide resume playing