БОП ТҰРМЫН ҚОС БҰРЫМДЫ САҒЫНҒАНДАЙ Білерсіз сіз қазақтың ырымдарын, Қазақ қызы кеспеген бұрымдарын. Қазақ қыздың сұлулық бір белгісі, Білерсіз сол бұрымнан туындарын. Төлегеннің қыз Жібекке ғашықтығы, Білерсіз сол бұрымнан туылғанын. Кеше ғана ұлттық жаза ретінде, Білерсіз сол бұрымның жұлынғанын. Бұл күні арман басқа, талғам басқа, Сан өзгеріс туылған жаңа баста. Алла берген реңді жоғалтып кеп, Алуан рең көрінді мына баста. Қос бұрым жауырынға жетпей жатыр, Ауырлығы болардай қара басқа.
Hide player controls
Hide resume playing