Бұл ұйымдастырылған концерттің іерекшелігі мүмкіндігі шектеулі жастарымыздың, жас жеткіншектеріміздің өнерлерін халыққа көрсету. Олардың мүмкіндіктері шектеулі бола тұра, тұла бойлары тұнған талант иелері. Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп интернатының тәрбиеленушілерінің өз қолдарымен жасаған сән үлгілері де назардан тыс қалмай, көпшілік қауымға паш етілді. Сондықтан да, осы жастарымыздың өнерлері көлеңкеде қалмай, әрі қарай сахнада жанданып жүретін болса, ол біз үшін қуанышты жағдай. Осы мақсатта және қайырымдылық айлығын қорытындылау мақсатында ұйымдастырылып отырған бүгінгідей шарамыз жыл сайын жалғасын табады және де осындай үлкен шараға қолдау көрсетіп, ат салысқан облыс жастарына рахметімізді айтамыз. Концерт барысында Индияның «Фортис Мемориал Ресерч Институт» клиникасында ем алып жатырған 1996 жылы дүниеге келген туа бітті 2 топ мүгедегі, мүмкіндігі шектеулі жан Хайнуллаева Бегімай Ардаққызына БҚО жастар қоғамдық бірлестіктері атынан, 4 кезеңнен тұратын ота жасату
Hide player controls
Hide resume playing