Myvideo

Guest

Login

Астанада трансплантологияны олдау масатында -пен айырымдылы жгіру жарысы тті

Uploaded By: Myvideo
1 view
0
0 votes
0

Еліміздің жетекші арналарында Астанадағы «Жүрегімнің жеңімпазы» қайырымдылық жүгіру жарысы туралы сюжет шықты. Биыл жүгіру жарысы бесінші рет өтіп, Қазақстанның түкпір-түкпірінен 4 000-нан астам қатысушыны жинады. Бұл іс-шараның мақсаты – еліміздегі трансплантология мәселелеріне халықтың назарын аудару. Heart Center Foundation қоғамдық қоры бұл марафонды өмірді өзгертетін жүгіру жарысы деп атады. 12 жыл бұрын Қазақстанда тұңғыш жүрек трансплантациясы сәтті өтті, содан бері Юрий Пяның басшылығымен дәрігерлер командасы осы органды ауыстыратын 97 операция жасады. ірі инновациялық компаниясы осындай ұлы миссиядан тыс қалмай, ағзаларды тасымалдауға көмектесетін бірегей Alem құрылғысын әзірлеудің демеушілерінің біріне айналды. Alem донорлық органдарды 24 сағаттан астам денеден тыс тасымалдауға және емдеуге мүмкіндік береді, бұл мыңдаған адамға өмір сүруге екінші мүмкіндік бере алады! Ризашылығын білдіру үшін қызметкерлері де жүгіруге қатысты. Биыл ұйымдастырушылар жүгіруге үйренбеген, бірақ жобаға қолдау көрсеткісі келетін адамдар үшін арнайы 1 шақырым қашықтықты қосқан болатын. Қатысушылар арақашықтықты жаяу жүріп өтті. Тілек білдірушілер көп болды, олардың арасында балалар да болды. Барлық жиналған қаражат еліміздің өңірлерінен трансплантология саласындағы мамандар үшін білім беру бағдарламалары мен шеберлік сағаттарын өткізуге пайдаланылады.

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later