Myvideo

Guest

Login

Жасы болды...

Uploaded By: Myvideo
39,739 views
0
0 votes
0

Жақсы болды менен сенің кеткенің, Сенсіз мүлдем мәңгүрттенер деп пе едің? Есеңгіреп өзің қалдың шырмауда, Өз орыңа, өз еркіңмен беттедің. Жақсы болды көрсеткенің кем кейпің, Оған күйіп, титтей де қам жемеймін. Шешілгенде сенің мінсіз бетпердең, Қуаныштан, жақсылыққа теңеймін. Түре берсем құлақ сұрық сөзіңе, Бір күндері жүрек қалар езіле. Жақсы болды жалғандарың аймандай, Әшкереге айналғаны тез күнде. Құр сөзіңмен жанымды көп арбадың, Өтіріктен бірақ амал алмадың. Шын пейілмен мүсіркеймін кемітпей, Мені емес -ау... ...өз-өзіңді алдадың..! Шын жолыңнан қаперімде адастың, Шыңыраудың шатқалында шатастың. Шыға алмассың енді қайтіп шыңдарға, Өзің таптың, тар есігін қапастың... Жанар Ешназар 10/07/2018

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later