Төтенше жағдай кезінде моншаға барған прокурор қызметінен қуылды. Бұл ақпаратты Бас прокуратураның баспасөз қызметі растады. Айта кетейін, осыдан екі апта бұрын интернетте Алматы облысы Панфилов ауданының прокуроры Саян Шалғымбаевға ұқсас адам мен бір топ ер кісінің төтенше жағдай мен карантин кезінде моншада жүрген видеосы жарияланған еді. Ғаламторды шарлаған бейнежазбаға қатысты Бас прокуратура қызметтік тексеріс бастаған болатын. Міне, арада 14 күн өткенде Саян Шалғымбаевтың қызметінен босатылғаны белгілі болды. Сарыөзек кентіндегі саунада түсірілген видеода Алматы облысы Кербұлақ ауданының сотының басшысы Дінмұхамед Сейтов де бары айтылған еді. Кейін Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың пәрменімен оның қызметі тоқтатылған болатын. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Hide player controls
Hide resume playing