Алматы облысында жоғалған 20 жастағы студент қыз табылды. 3 желтоқсан күні Іле ауданының Жетіген ауылынан Өтеген батыр кентіндегі оқу орнына шыққан Айзада Авлатарова ұшты-күйлі жоғалған. Қызды іздеу жұмыстарына құқық қорғаушылар мен әскерилер, ерікті жастар жұмылдырылды. Сонымен қатар, “Информбюроның“ түсіру тобы да студентті іздеу шарасына қатысып, жаңа ғана сүйінші хабарды жеткізді.
Hide player controls
Hide resume playing