2012 жылғы 25 желтоқсанда Астанада өткен «Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз!» жалпыұлттық телекөпір барысында онлайн режимде химия өнеркәсібі мен кен-металлургия кешенінің жаңа жобалары іске қосылды. Олар -- сирек металдар концентратының өндірісі, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының өндірістік газ өндіретін кешен құрылысын салу жобасы, «ҚазАзот» компаниясының аммиак, азот қышқылы, аммиак селитрасы өндірісін қайта жаңғыртуға негізделген жобасы.
Hide player controls
Hide resume playing