«Хабар» арнасында жақында ғана өткен Bilim ток-шоуында еліміздегі жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігі жайлы сөз болды. «Тірі болсам халқыма қызмет етпей қоймаймын», – дегенді өткен ғасырдың басында Алаш қозғалысының жетекшісі, қоғам қайраткері, ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов айтып кеткен. Елдің болашағы үшін президент Нұрсұлтан Назарбаев та аз еңбек сіңіріп жатқан жоқ. Елбасы болашақтың кілті бәсекеге қабілетті, сапалы білімде екенін үнемі айтып келеді. «Қазір білекке сенетін емес, білімге сенетін заман», – дейді Нұрсұлтан Әбішұлы. Бұл бәсекеде оқу орындарының алар орны жоғары. Біздің университеттер заманауи, жаһанданған әлемнің талаптарына сай білімді түлек дайындай алады ма? Осы сауалға Bilim ток-шоуына қатысқан қонақтар мен сарапшылар жауап іздеп көрді.
Hide player controls
Hide resume playing