...ЛЯ-МИНОР «Дүние – жалған...» Халық əнінен. Мен əу баста мынау əппақ əлемді, Қасиет қонған қайран қара өлеңді, Жайнамаздай таза ұстағым келіп еді, Ал, енді?!. Біреу келіп таптап кетті төрімді, Біреу келіп лайлап кетті көлімді, Достан, қыздан қалған мынау, қайтейін, ...көңілді?! Мен əу баста іздеп адал кейіпкер, Көп алдандым кешіп кілең күйік, шер. Содан кейін анау досқа сеніп көр, Мына қызды сүйіп көр?!. Бəрі алдамшы, бəрі, бəрі өтірік, Өлердегі сөзін айтып отырып, Сатып кетсе, ақ жүрегің – қарайып, Ақ көңілің – тотығып… «Дүние – жалған…» – деп саларсың бір əнге, Сенгеніңе өкініп! Мен əу баста манау жарық жалғанның Алып-ұшқан аққу қанат арманның, Періштедей бейкүнə боп көрінген Жандардың, Қара түнге, қара құсқа, сайтанға, Айналарын білген жоқпын… айтарға Сөзім болмай отырамын жол іздеп Қайтарға… Бала кезге, аңғал шаққа, өткенге, Тұңғыш рет ғашық болған көктемге, Оралсам ғой, оралсам ғой, шіркін-ай, Басқа тілек жоқ менде! Мен бұл күні бастан кештім тағдыр қа
Hide player controls
Hide resume playing