Ақжайық аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен шуақты көктемнің алғашқы күнімен тұспа тұс келген Алғыс айту күнінде «Сіздерге мың алғыс» ақциясы оздырылды. Жастар алдымен мемлекеттік жастар саясатын жергілікті деңгейде жүзеге асыруға үлкен қолдау көрсетіп, қыз-жігіттердің игі бастамаларына үнемі демеу болатын аудан басшысы Әділ Тауфиқұлы Жоламановты құттықтады. Осыдан соң мекеме, ұжымдарда болып, аудан орталығының тұрғындарына алғыс білдіріп, осы мерекенің мәні мен маңызы көрсетілген, ақжарма тілектер ақтарылған ашық хаттар таратты. Осындай ақция ауданымыздың барлық ауылдық округтердерінде ресурстық орталықтың жастар ісі жөніндегі мамандардың ұйымдастыруымен өткізілуде. #Akzhaik_zhastary#1000алғыс#100 рахмет#1наурыз_бқо
Hide player controls
Hide resume playing