Шілденің 11-і күні Шымкенттің Әл-Фараби аудандық соты республикалық “Темірқазық-ой“ қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Анаркүл Сүлееваға үкім шығарды. Азаттық тілшісінің соттан хабарлауынша, судья Еркін Оспанов Анаркүл Сүлееваны “көрінеу жалған ақпарат таратты“ және “өзге адамның жеке өміріне қол сұқты“ және “порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз таратты“ деп айыптап, бас бостандығын екі жарым жылға шектеу туралы үкім шығарды. Сот сонымен қатар оған үш жыл журналистік қызметпен айналысуға тыйым салды. Журналист “адам ұрлау“ бабы бойынша ақталды. Толық ақпарат:
Hide player controls
Hide resume playing