Рахмет саған, Періштем! Иә, иә, қателеспедіңіз, бұл “Періштеге“ арналған алғыс. Біз періштемізге рахмет айтқаны былай тұрсын, оны тіпті күнде жұмыста көреміз. «Періштенің» Сіз бен біз сияқты қарапайым адам екенін түсінген боларсыз. Өткен жылдың соңында біздің компанияның барлық қызметкерлері «Періште» атты ойынды бастаған еді. Оның бізге ұнағаны соншалық, жақсы дәстүрге де айналып үлгерді. _ _ _ Ойын ережесі келесідей: 1. Әрбір адам барлық қызметкерлердің аты жазылып, бүктелген қағаздардың ішінен біреуін таңдайды. 2. Кімнің есімі қағазда жазылса, сол кісінің ресми түрде «Періштесі» болады. 3. Белгілі бір мерзім аясында «Періште» өзінің қамқорлығындағы адамға мейірімділік танытып, сыйлық сыйлау керек. _ _ _ Ең қызығы, кімнің кімге «Періште» екенін соңғы сәтке дейін ешкім білмейді. Содан болар барлық қызметкерлерді «Менің періштем кім?», «Ол маған қандай сыйлық сыйлайды екен?» деген сұрақтар қызықтырып, балаша сыйлық күтіп жүреді. Алайда бұл сұрақтардың жартысы ғана. Себебі өзін ойлаған адам, өзгені де ойлап,
Hide player controls
Hide resume playing