26 маусымда еліміздің жетекші арналарында 21-23 маусымда өткен Kaspi Жұманың қорытындысы туралы сюжет шықты. Үш күн бойы кәсіпкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп, еліміздің түпкір-түпкіріне тапсырыстарды жіберіп жатты. Бұл олар үшін сатылымның шыңы болды. Қазақстандықтар барлық қажетті заттарын тура үйге немесе ең жақын орналасқан Kaspi Postomat-қа тегін жеткізу арқылы сатып алу мүмкіндігіне ие болды. 0-0-24 бөліп төлеуге алуан түрлі тауарларды ғана емес, сондай-ақ Kaspi Travel-де ең танымал бағыттар бойынша турларды да ресімдеу мүмкіндігі берілді. Kaspi Жұма сондай-ақ сауда орталықтарында да өтті, онда нағыз мерекелік көңіл-күй сезіліп тұрды. Бұл сатып алушылар үшін – тиімді сатып алу болса, сатушылар үшін – географияның кеңеюі және сатылымның артуы.
Hide player controls
Hide resume playing