Наурыз мерекесінің салт-дәстүрлері (2) Бұл бағдарлама ирандық Наурыз мерекесінің басқа да салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына арналады. Иран халқының ұлттық Наурыз мерекесі – Қытайдың Синьцзян аймағы, Орта Азия, Кавказдан бастап, Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан, Ирак пен Түркия елдерін қамтитын үлкен территорияда тойланатын даналық, ұстамдылық пен өмірге деген үміттің көрінісі болып табылатын мереке. Бұл өзіндік ерекшеліктерге ие мереке көпұлтты ортақ мұра ретінде он екі мемлекеттің қолдауымен ЮНЕСКО-ның халықаралық рухани мұралары тізіміне тіркелген. Наурыз мерекесінің әдет-ғұрыптарында адамгершілік қасиеттер ерекше рөлге ие. Оларды Наурыздың арнайы сыйы ретінде халықаралық қоғамдастыққа таныстыру мақсатында әрбір аймақтың мәдениетіне сәйкес, жүзеге асыруға негіз әзірлеуге болады. Үлкендерге құрмет көрсету, дос-жарандар мен таныстармен кездесу, туысқандармен көрісу, отбасыға көңіл бөлу, әділет, мейірімділік таныту, жақсы істер жасау, сый-сыяпат беру, тазалықты сақтау – бұлардың барлығы қаншама ғ
Hide player controls
Hide resume playing