Myvideo

Guest

Login

Жасы адам

Uploaded By: Myvideo
192 views
0
0 votes
0

Жақсы адамның көздері жүрегінде, Жақсы сөздер жүретін сөздерінде, Айналаға нұрын төгіп тұратұғын Мейірімі, оның екі көздерінде. Ақылы оның тасып жатқан дариядай, Жанында тек жақсылық болады ұдай, Күлген кезде аппақ жүзі күн секілді Берген Алла дидарына жылы шырай. Жақсы адамдар бөлмейді адамдарды, Қабылдамас жүректері жамандарды, Мейірімді жүрегі оның ешқашанда Алаламас сараңдар мен надандарды. Себебі, оған Алла нұрын төгіп қойған, Арылтқан соң пейілін жаман ойдан, Айналаға нұр шашып жүргенменен Білмейді ешкім жүрегін мұңға толған Білдірмейді ешкімге буырқанса Көңілі әлдекімнен суып тұрса, Пәк қөңілге ауыр ой маза бермей Қардай аппақ жүрегі шырылдаса... Өткен ол талай жолдың соқпағынан, Таяқ жеген мына өмірдің тоқпағынан, Оны енді мың жерден де сынаса да, Қорықпайды алдындағы тосқауылдан. © С.Нұрзат

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later