2017 жылдың сәуірдін 9 жұлдызында, сағат 17:00-де Алматы қаласында “Алатау“ дәстүрлі өнер театрында әнші, композитор, өнертанушы, киногер Ерлан Төлеутайдың “Сал серінің сарқыты ол кешегі...“ атты шығармашылық кеші өтті. Кештің басты мақсаты – ұлтымыздың ұлы музыкасын ұлықтау. Ерлан Төлеутай қазақ ақындарының көптеген өлеңдеріне ән шығарған. Әсіресе, әнші Мақпал Жүнісова орындайтын “Япырай“ (сөзі Мұқағалидыкі) және әнші Меруерт Түсіпбаева айтатын “Сен және Мен“ (сөзі Жанат Әскербекқызыныкі) әндерін әнсүйер қауым жылы қабылдады. Абайдың, Шәкәрімнің, Мұқағалидың, Жұматай Жақыпбаев, Еркеш Ибраһим, Қайырбек Асанов, Марфуға Айтхожина, Тұрсын Жұмаш, Жанат Әскербекқызы, Қайрат Асқаров, қырғыз ақыны Әкбар Рысқұловтың өлеңдеріне жазылған көптеген әндердің авторы.
Hide player controls
Hide resume playing