Болатбек Нұрмановтың жасы 70-ке таяған. Қазір де жер үй ауласында кунг-фу тәсілдерін қайталап, жаттығып жүр, деп хабарлайды «Хабар 24». Жастық шағы әскери қызметте өткен. Гуанчжоудағы ғибадатханаға өткен ғасырдың 80-жылдары барады. Аспан асты елінде 4 жылдай тұрып, қойын-қолтық ұрыстың қыр-сырына қанығады. Атамекенге оралған соң шәкірт тәрбиелеуді қолға алып, ұстаздық қызметін әлі жалғастырып келеді. Болатбек атай биыл 68 жасқа толады. Қарттығына қарамастан санасы сергек, қимылы ширақ. Қызмет бабымен Шаолинь мектебіне барған кезде өзі қатарлас шәкірттермен күш сынасып, шаршы алаңға да шыққан. «Ғибадатханада қиын сынақтардан өтуіме жастайымнан спортпен ш
Hide player controls
Hide resume playing