Қызылордалықтар қайталанбас дара өнер иесі, әнші-композиторға арнап қойылған ескерткіш жанына жиналып, Батырдың сазды да мәнді әндерін орындады. Бұл - Батырханның балалық шағының куәсі болған саябақ. Былтыр дәл ортасына еңселі ескерткіш қойылған. Ал бүгін әншінің туған күнінде Сыр жұрты осында келіп, сыршыл әуезге елтіп, сүйікті ұлын еске алды.
Hide player controls
Hide resume playing