ВК группа - (можете кидать варианты стихов) Текст: Ей, тәкаппар дүние! Маған да бір қарашы. Танисың ба сен мені? Мен қазақтың баласы! «Тағы жұрт» деп тағы да, Танымассың, білмессің. Өйткені мен қазақпын, «Англичанин» емеспін. Танисың ғой сен оның Өзінен бұрын мылтығын, Дәріптейсің қасиетін Адамы түгіл, итінің. Мен де оны бір кезде Етігінен танығам Қадай басып өкшесін, Далама кеп қаңғыған. «Тағы» дейтін халқымды, Дозақ дейтін даланы. Кен қазам деп көр қазып, Ақтаратын моланы. Жылап жатса бір қазақ, Күлуші еді-ау ол өлі! Соның бәрі сұрқия Сұм патшаның әлегі. Екі аяқты ақ патша Көп батырды шеңгелін. Cap далада сарғайдым, Қасіретпен шөлдедім. Өз етімді өзіме Кесіп алып асатты. Айтып-айтпай, не керек, He көрмеді бұл қазақ! Есе тиер, енші алар Ел болсам деп ойлаушы ем. Қазақпын деп айта алар Мен болсам деп ойлаушы ем Үдере жорттым, жол болды, Тау төңкердім екпінмен. Қазақ деген атымды, Өшіре алмас ешбір жау! Төбесінен, тиіссе, Төңкерілер Алатау. Енді мені менсінбес Европаның қай елі? Қа
Hide player controls
Hide resume playing