Арнаға қолдау көрсету 5169 4971 8361 0090 kaspi 2017 жылдан бері “Рухани жаңғыру” бағдарламасы туралы түрлі ақпарат естіп жүрміз. Бірақ ол не? Ол бағдарлама қоғам санасын жаңғыртуда не бітіріп жүр? Фарфордан жасалған 700 кружка, мыңдаған баннер, жаңа жиһаз, блог-турлар, “Рухани жаңғыруды” мадақтап жазылатын түрлі мақаланың көмегі бар ма өзі? Иә, олардың ойынша аталған шығындар сіз бен біздің санамыздың жаңғыруына көмектесуі керек. Бұл нәрсенің не үшін қажет екенін мүлде түсінбейміз. Бірақ аталған бағдарламаға, “санамыздың өсуіне” қанша жұмсап жатқанын айтамыз. Наурызда демалып болдық. Шымкент қаласы бұл мейрамды атап өтуге 565 миллион теңге жұмсапты. Ең қызығы, айтысты жиһаз жасайтын компания, тағы бір іс-шараны құрылыс компаниясы өткізіпті. Бүгінгі шығарылымда аталмыш тақырыптарды қамтып, соңғы жаңалықтарды шолып өтеміз.
Hide player controls
Hide resume playing