Көшеде жүрген жерінен жұлдызға айналып кеткен МС Сайлаубек ащы суға қайта үйір болып жүр. Желіде оның мас күйіндегі видеосы пайда болды. Түсініксіз тілде ән шырқайтын рэперді бейтаныс адамдар видеоға түсіріп алған. Олар рэперді танып, неліктен қайта ішіп жүргенін сұрады. Әлдебіреуге қатты ашуланған рэпер: “Бауырым, пайдаланып, пайдаланып тастап кетуге болмайды. Есіңде болсын, бұл өмірде түсінбесең ана өмірде түсінесің. Мен өлген жоқпын“, - деді. Сонымен бірге ол продюсеріне ашулы екенін, ол өзін алдап кеткенін айтты. Өзін “алдап“ кеткен продюсерін ол балағаттап тастады.
Hide player controls
Hide resume playing