Ұлттық Банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды ауыстыру мерзімін 2021 жылдың 1 ақпанына дейін ұзартты. «Халықтан өтініш түскен соң, айырбастау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдадық. Кейбір азаматтар, әсіресе, зейнет жасындағы қариялар әртүрлі себептерге байланысты ескі банкноттарды уақытында айырбастап улгермеген», - дейді Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратов. Банкноттар жеке тұлғалар үшін тек Ұлттық Банктің филиалдарында ғана, Көкшетау қаласында – М.Әуезов көшесі, 214 үй мекенжайы бойынша айырбасталады. 2021 жылдың 1 ақпанынан кейін банкноттарды айырбастау тоқтатылады. Еске сала кетейік, 2006 жылғы үлгідегі номиналдарға тән банкноттарды айырбастау кезеңі 2016 жылдың қазанынан 2020 жылдың 5 қазанына дейін - 4 жыл бойы ұзартылып келді. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Ұлттық Банктің 55-18-09 немесе 1477 байланыс орталығына хабарласуға болады. . Национальный Банк продлил срок приема и замены банкнот номиналами 2000, 5000 и 1
Hide player controls
Hide resume playing