Алматы облысында ақ халаттылар айқайға басты. Нарынқол ауылы ауруханасының бұрынғы және қазіргі дәрігерлері халаттарын киіп, наразылыққа шықты. Наразы топ, “аурухана басшысы он беске жуық дәрігерді жұмыстан қуадалады, мемлекеттік мекеменің жертөлесіне сауна салып, медбикелерге қол жүгіртті“ - деп айыптап отыр. Сондай-ақ, олар Бас дәрігер “жалақымызды қысқартып, медмекеменің қызметкерлерін өз жұмысына жегіп қойды“, - деп қапалы. Алайда, аурухана басшысы бұл айтылғанның бәрін өзіне тағылған жалаға балап отыр
Hide player controls
Hide resume playing