Апта басы автобус апатынан келген трагедиямен айшықталды. Шымкенттен Құмкөлді бетке алып шыққан жолаушылар автобусы аударылып, сегіз адамның өмірі қиылды. Олар мұнайшылар еді. Алдын-ала болжамдарға сәйкес, оқиғаға көктайғақ себеп болуы мүмкін. Алайда қара жамылған отбасылар саны бұнымен шектелсе кәні. Соңғы жылдары апатқа ұшырап, айдың-күннің аманында адамдар ажал құшқан жайттар ондап саналады. Себеп әртүрлі. Бірақ көбінде қауіпсіздіктің қамы қаперден жиі қалып жатыр. Алматылық полицейлер алып шаһардан жол тартатын автобустардың жай-күйін тексеріп, рейд ұйымдастырды. Көп жағдайда жолаушы тасымалдаушыларды тексеру жиі болатынына қарамастан, бірқатар кедергілер де бар. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #Бастыбағдарламада #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing