Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Өстемір ауылындағы үйлердің бірінде қаңтардың 3-і күні өрт шығып, 4 жасар бала мен 3 жасар қыз көз жұмды. Әкімдік дерегінше, қаза тапқан балалардың ата-анасы жұмыссыз. Әкесі сол күні жалдамалы жұмысқа кетіп, анасы балалардың сыртынан құлыптап, дүкенге шығып кеткен. Балаларды үйден алып шыққан ауыл тұрғындары жедел жәрдемнің де, өрт сөндірушілердің де кеш келгенін айтады.
Hide player controls
Hide resume playing