Еліміздегі дипломатиялық корпусқа «Дін қызметі және діни бірлестіктер туралы» заң жобасы таныстырылды. Министр Нұрлан Ермекбаевтың келтірген мәліметі бойынша заң жобасына «деструктивті діни ағым» және «діни радикализм» ұғымдары енгізіліп отыр. Өйткені, қазіргі заңнамада ондай анықтама жоқ. Ал, елімізде бас кеңсесі немесе мекені жоқ дін атын жамылған радикалды топтар бар. Заңда оларды сипаттайтын нақты нормалар болмағандықтан, оларды ұстауға және жауапкершілікке тартуға мүмкіндік болмады. Енді заңға енетін жаңа өзгерістер бойынша дінді жамылып, радикализм мен терроризм идеяларын тарататындарға тосқауыл қоюға мүмкіндік бар. Бұдан басқа, бетті тұмшалауға шектеу қоятын құқықтық нормалар заңға енгізіледі. Ескере кету керек, мұндай шектеу тек дін саласына ғана қатысты емес. Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі: - Бұл заң жобасында бет-әлпетін жабатын киімдерді киюге болмайды деген норма бар. Бірақ, бұл тікелей діни ахуалға байланысты емес. Ол жалпы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ба
Hide player controls
Hide resume playing