Қазақстанға 2 ақпанда сапармен келген АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоны Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайында күтіп қазақстандық дипломаттардың киім киісі мен жүріс-тұрысы әлеуметтік желіде көп талқыланды. Спорттық куртка мен құлақшын киген Қазақстан дипломаттарын “протоколға сай киінбеген“ деп сынағандар да болды. Азаттық бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаевтың пікірін білді.
Hide player controls
Hide resume playing