Еліміздегі кей шағын қалаларға ауыл мәртебесі беріледі. Ауыл тұрғыны атанатын ондай елді мекен тұрғындары тиісті әлеуметтік қолдау ала алады. Қазіргі уақытта Қазақстанда аудандық маңызы бар 48 қаланың 13-і халық саны бойынша «қала» санатына сәйкес келмейді екен. Себебі, онда тұрғындар саны 10 мыңнан аз. Сенат депутаттары бұл мәселені шешу үшін әкімшілік-аумақтық құрылым бойынша заңнамаға түзетулер әзірледі. Заң жобасын таныстырған сенатор Нұрлан Бекназаров, қолданыстағы заңнамада аудандық маңызы бар қаланың мәртебесін ауыл санатына өзгерту жөнінде норма қарастырылмағанын айтып, бұл өзгерістің бірқатар артықшылықтары барын атап өтті. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Hide player controls
Hide resume playing